Web viewOlá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь? Меня ... «Жағдаят...

10
МҚКК«Сандуғаш» бөбекжай балабақшасы Семинар практикум «Этикалық және эстетикалық қарым қатынас» Дайындаған: Кайрлгужиева М. О. «Сандуғаш» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі

Transcript of Web viewOlá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь? Меня ... «Жағдаят...

Page 1: Web viewOlá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь? Меня ... «Жағдаят №2»Медбике топқа кіріп «Хрорамин

МҚКК«Сандуғаш» бөбекжай балабақшасы

Семинар практикум

«Этикалық және эстетикалық қарым қатынас»

Дайындаған: Кайрлгужиева М. О.«Сандуғаш» балабақшасының

ағылшын тілі мұғалімі

Доссор, 2017 жыл

Page 2: Web viewOlá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь? Меня ... «Жағдаят №2»Медбике топқа кіріп «Хрорамин

«Тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ, талап қоя білетін жолдасы болсын.»

Мағжан Жұмабаев

Мақсаты :

1. Педагогтардың айналасындағы адамдармен , ортамен , өз - өзімен этикалық және эстетикалық қарыс – қатынас қалыптастыру. 2. Педагогтарды практикалық, тренинг, жаттығу жұмыстарын жасау арқылы жағдайды талдай алуға , саналы шешім қабылдауға баулу, айналасындағы адамдармен үйлесімді қарым – қатынас жасау туралы мағлұмат беру.

Жоспары:

1. Сәлемдесу – сөз атасы2. Тәрбиеші ол кім? Пікір алмасу3. Педагог кодексі4. Тәрбиеші болу жақсы ма немесе жаман ба?5. Сергіту сәті6. Анықтама бюросы. Жағдаяттар шешу7. Практикалық тапсырма (Ертегіні сахналау, өлең шығару, берілген

өлеңге ән шығару, ертегіні ойлап шығару)8. Педагог портреті

Семинар – практикумның жүру барысыЖүргізушілер амандасып, семинарды ашады.

1. Сәлемдесу – сөз атасы (тапсырма)Тапсырма: Қазақ халқымыздың салты бойынша амандасу.Жасы кіші қарт қарины көрген кезде қалай амандасады.Ұлыстың Ұлы күні бір-бірімен амандасуКеліндердің сәлем етуіТапсырма: Әр елдің тілінде амандасу.Француз тілінде амандасу:Здравствуйте! Bonjour! бонжу'р! Меня зовут... Je m ' appelle ... же мапэ'ль...Счастлива вас видеть. Je suis heureuse de vous voir. же сюи зёрё (зёрёз ) дё ву вуа'рИтальян тілінде:

Page 3: Web viewOlá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь? Меня ... «Жағдаят №2»Медбике топқа кіріп «Хрорамин

Buenos días. — Доброе утро! Буэнос диасMi chiamo … - Меня зовут ... Ми чиамо ....Felice de conoscerla – Счастлива вас видеть Фелисэ дэ коносерлаПортугал тілінде:Привет. Как дела? Olá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь?Меня зовут .... Meu nome é ... Мэу номи э Тапсырма: Әр елдің амандасқан кезде қимылдарымен амандасу.Иран халқы, амандасқан кезде бір-бірінің қолын алады және оң қолының алақанымен жүректерін ұстайдыҮнді халқы амандасқан кезде екі алақанын және саусактарын бір-біріне қосып, маңдайына тигізедіЖапон халқы амандасқан кезде жай екпінмен төменірек белін бүгіп, басын иеді.Тапсырма: Әнмен бимен амандасу.

Жүргізуші: Адамдар өз-өздерінің қолдарын байлап және көздерін жұмып алып ештеңе көрмейді, содан кейін таң қалады – «Неге мен нашар өмір сүріп жатырмын? Неге мені ешкім түсінбейді?» деп семинарымды Вольтердің сөздерімен ашқым келіп тұр.«Өз-өзін ұстай алатын және билей алатын адам, ол әлемді де ұстап билей алады»(Вольтер)

Былай айтқанда жоғары саналы және адамгершілігі мол адам ғана көптеген нәрселерге қол жеткізіп, биік шыңдардан көріне алады. Сонымен біздің таңдаған мамандығымыз – Педогог, сондықтан біз өзіміз үшін, балаларымыз үшін шын жүрегімізбен қуанышты өмір сүруге міндеттіміз. Яғни, бүгінгі біздің кездесуіміз педогогтардың этикасы жөнінде қозғалады. Ендеше «Этика» туралы есімізге түсірейік. «Этика» сөзі ерте грек дәуірінен келе жатқан einos –«мінез, салт-дәстүр, жақсы оймен өмір сүру» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі уақытта педогогтарга талап мықты қойылған. Педогог тек қана өз мамандығын толық біліп қана қоймай, өз ісінде де, жеке өмірінде де, мәдениетті адам болуы керек. Ғалым Песталоцци «Нағыз шынайы педогог – кез-келген баланың жақсы жақтарын және жеке қасиеттерін көріп, біліп, оны еңбекке және адамгершілікке тәрбиелейді» - деген.

Мектепке дейінгі тәрбие беретін – ата-анадан кейінгі бірінші адам – ол тәрбиеші. Яғни, балаға өмір ережелерін, оның ой-өрісін қалыптастыруға үйретеді. Тәрбиеленушінің бүгінгі өмірі мен келешегіне жауапты адам.

Page 4: Web viewOlá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь? Меня ... «Жағдаят №2»Медбике топқа кіріп «Хрорамин

Американдық психолог Вирджиния Сатир «Егер ересектер баланың айтқысы келгенін тыңдамаса, оған тыңдап тұрғандай сыңай танытпая қойсын. Егерде балада бір жағдай туындап, ол оны маңызды деп санап айтқысы келсе, оған бар назарыңды аударып, оған қазір қолыңыздың бос емес екенін түсіндіріп, кейін қолыңыздың бос уақытында қалайда көңіл бөлетініңізді айтыңыз. Бірақта бұл уәдеңізді ұмытпай, баланың қайта-қайта еске салуына жол бермеңіз» деп айрықша атап өтеді.

Әрбір бала ерекше, әрбір бала қайталанбас тұлға. Бұл тұлғаның жанының есігін ашу үшін кілтті дұрыс таңдай білуі керек. Егерде қолында кілті болса да, бұл есік оңай ашылады деп ойлау қате. Сондықтан педагог мамандар өздерін баланың орнына қоя білу керек, баланың сеніміне кіріп, олардың армандарын, қиялдарын тыңдай біліп, оларды сыйлай білу керек.Баланың жүрегін жаулап ала білетін педагогтың қолында, көптеген әдістері болады. Сіз қандай педагог екендігін баланың сізге деген көзқарасынан-ақ білуге болады және сіздің ең жақсы қасиеттеріңізді бала өз бойына сіңіріп алады: қайырымды болуды, сыпайы болуды, ұқыпты болуды соның бәрін бала сізден үйренеді.

Ал енді, тәрбиеленуші бала үшін, тәрбиеші кім, деген сұрақ туындайды.

2. “Тәрбиеші ол кім?” (тапсырма), (семинарға қатысушылар өз ой-пікірлерін парақша бетіне жазып, оқып береді)

Тәрбиеші :1. Ол үлкен жолдас, яғни ол адам әрдайым жақсы ақыл-кеңес береді,

сенімен әңгімелеседі.2. Ол жақсы мен жаманды айырып білетін адам3. Ол қорғаушы, сені ешкімге ренжітпейді, әрдайым қорғайды4. Ол балаға қуаныш сезімді, қызық, ұмытылмас сәттерді сыйлайтын адам5. Ол ақылды адам, ол бәрін біледі, оның қолынан бәрі келеді, ол бәріне

үйретеді6. Ол ең жақын адам, яғни баланың жанында жақын туыс адамдары

болмаған кезде ол баланың жанында табылатын және орынын басатын адам.Бала тәрбиесінде әр педагог маман, балаға қатыста педагогикалық кодексін білу міндетті.

Жүргізуші: Педагог кодексі туралы сіз не білесіз? (тапсырма)3. Педагог кодексі.

1. Баланы ешқашанда жазалауға болмайды2. Балаларды бір-бірімен салыстыруға болмайды

Page 5: Web viewOlá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь? Меня ... «Жағдаят №2»Медбике топқа кіріп «Хрорамин

3. Баланы топтың алдына тұрғызып бәрінің көзінше айғайлап ұрысуға және ұятқа қалдыруға болмайды

4. Ата-анасына баласы туралы жамандауға болмайды5. Баланы балағаттауға болмайды6. Балаға бұйырып сөйлеп, оған міндеттеуге болмайды7. Баланы жақсы іс-әрекет жасағаны үшін мақтап, мадақтау керек8. Баланы шын ниетпен, шын жүректен мақтау керек9. Балаға әрдайым сену керек10.Баланың тілін таба білу керек11.Баланы шын ниетімен кешіру керек

4. Жүргізуші: «Тәрбиеші болу жақсы ма немесе жаман ба?» ойынның мақсаты:

Логикалық ойлау қабілеттерін,шығармашылық қабілеттерін, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту. Педагог-тәрбиеші мамандығының жақсы және жаман жақтарын сипаттайтын дәлелдерін таба білу. Өз ой-пікірлетін анық және ашық айта білу.

5. Жүргізуші: «Сергіту сәті»6. Жүргізуші: «Анықтама бюросы» Мақсаты: Педагог мамандардың ата-

ананың сұрақтарына дұрыс және кәсіби жауап беру дағдыларын жетілдіру, коммуникативтік қасиеттерін жетілдіру, диалогтік қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.

«Жағдаят №1» Бала тәрбиеші туралы былай дейді: «Күні бойы тәрбиеші бізге айғайлап сөйлейді, бізге ұрысады, бізді шымшиды. Кешке біздің ата-анамыз келген кезде ол бізді құшақтап, жылы сөйлеп шығарып салады.»Мына жағдаятты қалай түсіндіресіз. «Жағдаят №2»Медбике топқа кіріп «Хрорамин» дәрісін үстел үстіне қойып, көмекші-тәрбиешіні ескертеді де, топ бөлмесінен шығып кетеді. Бір бала дәріні ауызына салып алады, бірақ тәрбиеші үлгеріп, оны баланың ауызынан шығарып алады.Мына жағдаятты қалай түсіндіресіз. Кімді жазалау керек, не үшін? Сіз не істер едіңіз.«Жағдаят №3»Балалар топ ішінде қараусыз қалып, тәрбиеші де көмекші тәрбиеші де жоқ, балалар өздері қалып білгендерін жасаған, ақырында бір-екі бала жарақаттанып қалды. Кешкісінде ата-ана баланың жарақатын көреді де қатты ашуланады.Мына жағдаятты қалай түсіндіресіз. Тәрбиеші де көмекші тәрбиеші де не себептен топ бөлмесінен шығып кетті? Кімді жазалау керек, не үшін? Сіз не істер едіңіз?«Жағдаят №4»

Page 6: Web viewOlá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь? Меня ... «Жағдаят №2»Медбике топқа кіріп «Хрорамин

Топ балалары мен тәрбиеші серуенге шықты, тәрбиешілер балаға қарамай, өздері әңгіме айтып тұр, балалар бір-бірін қуып, бір-бірімен алысып, ақырында екі бала бір-бірімен керісіп, біреуі екіншісін жылатып қояды.Мына жағдаятты қалай түсіндіресіз. Кімді жазалау керек, не үшін? Сіз не істер едіңіз.

7. Жүргізуші: Келесі тапсырмаларымыз: «Ертегіні сахналау», «Өлең шығару», «Берілген өлеңге әуен ойлап табу және соны орындау», «Сегіз шумақ өлең шығарыңыз.»

Ертегіні сахналау: «Патшаның қызы неге бақытсыз   » Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты.  Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.    Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.   Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.   Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.  Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.

«Берілген өлеңге әуен шығарып, соны орындау» “Тәрбиеші” Ф. ОңғарсыноваӘн салғызып, билетіп,Ылғи бізбен жүреді.Тақпақты да үйретіп,Ойната да біледі.Қызық-қызық ертектер

Page 7: Web viewOlá! Tudo bem? – Ола. Туду бэнь? Меня ... «Жағдаят №2»Медбике топқа кіріп «Хрорамин

Біздерге оқып береді.Жылауық та, тентек теСол апайға көнеді.Бастап бізді далаға,Серуенге де шығады.Біз шомылсақ жағадаБайқап өзі тұрады.Кішкентаймыз әлі біз,Үлкендерге сенеміз.Бұл тәтені бәрімізСыйлап, жақсы көреміз.Естіп кейде қаламын,Тәрбиеші апайды"Қамқоршысы баланың"Деп ауылда атайды.

8. Жүргізуші: Келесі тапсырмамыз: Педагогтың ең жақсы қасиеттерін, «Педагог портреті» арқылы сөзбен айтып жеткізіңіз.

9. Жүргізуші: Осы семинарымызды қорытындылай келе, сіздерге құрметті әріптестер сіздердің назарыңызға мына тестті ұсынамыз:

«Көзіңізді жұмып, елестетіңіз, сіз қызыл, шырынды, піскен алмазыз, сіз ағаш бұтағында өсіп, күннің нұрына шомылып осындай әдемі өзі тәттісіз. Бір мезгілде сізге қарай құрт жыбырлап өрмелеп келеді де сізге қарап,: «Қандай әдемі алма, мен оны тістеп алып, жесем не болар екен», деді де сізге жақындады. Сіз мына жағдайда не істер едіңіз, не айтар едіңіз.Жауабы: «Педагог, сіздерге сын айтқан кезде, сізді сынаған кезде, сіз құртқа қандай жауап бердіңіз, қандай іс-әрекет еттіңіз, сол сіздің сынға деген көзқарасыңыз.»

Жүргізуші: Осымен семинарымызды аяқтап, сіздерге шығармашылық табыстар, денсаулық отбасыларыңызға амандық. Сау болыңыздар. Рахмет.